jasqazaq.kz

Шымкентте дезинфекциялаудан кейін бір үйдің төрт баласы ауруханаға түсті

14 тамыз 2020, 12:10

Шымкентте көрші пәтерге дезинфекция жасалғаннан кейін бір үйдің төрт баласы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Қалалық гипербологиялық оксигинация орталығының» токсикологиялық бөліміне 13 тамызда сағат 01:45-те «белгісіз затпен улану» алдын ала диагнозымен Әл-Фараби ауданында Қ.Рысқұлбеков көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінен 4 бала жатқызылды. Олар 7 жастағы және 3 жастағы, сондай-ақ 6 жастағы екі бала. Қазіргі таңда олардың жағдайы орташа», делінген хабарламада. Балалардың ата-анасы пәтер жалдап тұрады. Ата-ананың айтуы бойынша көрші пәтерде тұратын тұрғындар дезинфекциялық жұмыс жүргізген. «Оқиға орнына Шымкент қалалық ТЖ департаментінің қызметкерлері барды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтаумен Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті айналысады», делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия