jasqazaq.kz

Шымкентте дәрігерлер мен науқастар емханаға кіре алмай қалды

11 қараша 2021, 22:08

Шымкентте жүздеген дәрігер мен науқас бүгін емханаға кіре алмай қалды. 60 мың тұрғынға қызмет көрсететін №2 емхана мемлекеттік болғанымен, ғимараты жекеменшікке тиесілі болған соң, иесі ешкімді жолатпауға пәрмен беріпті. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

Ауырып-сырқағандар не жарасын таңа алмай, не ішке кіре алмай, ақ халаттылармен бірге есік алдында сағаттап тұруға мәжбүр болды. сюжет Шымкенттегі №2 емхананың алды таң атпай азан-қазан болды. Дәрігері мен мейірбикесі жұмыс орнына, ем іздеген сырқаттар емханаға кіре алмай сағаттап тұрып қалды. Ешкімге ештеңені түсіндірмей, емхана қақпасын күзетшілер жауып тастап, ақыры жүздеген адам таңғы суықта далада қалған.

Нұржамал Тұлғабаева, мейірбике:

— Біз ештеңе білмейміз, ештеңеден бейхабармыз. Азанда келсек пациенттерді де кіргізбей тұр. Стресс алдық. Мақұл, біз, ал небір науқастар стресс алды. Айқай-шу шығарды. Есіктен кіре алмай қан қысымы көтерілді. Мысалы, астанаға баратындар, порталмен келгендер шу шығарып, мен мөр баса алмай, маған айғайлап жатыр. Дәрігерлер неге қабылдамайды дейді.

Жұрттың қарасы қалыңдап қақпаны сындырардай болған соң есік ашылды. Бірақ тосырқап қалған дәрігерлер бірден орындарына бара алмай, дірдек қаққан пациенттер болса ашуланып жүр.

Гүлсара Жұмашева, Шымкент қаласының тұрғыны:

— Ауырып келдім, мына жақтағылардың бәрі сыртта тұр, қақпаның ар жағында аурулар тұр. Не жағдай екенін түсініксіз.

— Қай жеріңіз ауырады?

-Тізем ауырады, тіземді баса алмаймын, қан қысымым да бар. Жүйкем тозып мана анау күзетшілермен ұрыстым, есік алдында кіргізбей тұрғаны үшін.

Ал саусағын кесіп алған мына кейуана қансыраған қолын байлап, көмек көрсетуді өтініп жалынып жүр.

Қақсап барады, аяқтарым бәрі ауырып тұр. Қызуым бар. Өйткені саусағым кесіліп қалған. Кіргізбей жатыр, соған мүмкіндік болса, кіргізсеңіздер, қолыма дәрі ексін.

Суықта сағаттап тұрып қалғандар осылайша әупірімдеп жүріп кірді. Сөйтсе таңғы жанжал ғимаратқа таластан шығыпты. Яғни өз ғимараты әбден ескірген №2 емхана бұл ғимаратқа бір жарым жыл бұрын кірген екен. Емхананың өзі сенімгерлік басқаруға бірнеше адам таласып, басқару ғимарат қожайынына емес, басқа адамға өткен соң қожайын есіктерін тарс жапқызған. Бірақ дәл қазіргі отырған орнымыз жайлы деген дәрігерлер енді бұл жерден тапжылмаймыз дейді. Онсызда соңғы бес жылда үш мәрте орын ауыстырған емхана қызметкерлері енді көшіретін болса, жаппай жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

Нұрбике Әдембаева, №2 емхананың бас дәрігері:

— Науқастар да, өзіміз де шаршадық, ары бері көше беруден. Біз осы жерде қалуды қалаймыз. Бізге барлық мүмкіншілік жағдайымыз, бізге осы жер ұнайды. Бұл жерден шығаратын болса, жұмысқа да шықпаймыз, Билікке хат жазамыз.

Шынында емханада барлық жағдай жасалғанын айта кету керек. Денсаулық сақтау басқармасындағылар бұдан кейін емхана сенімгерлік аясында жекеменшік басқаруға өткенін ғана жазбаша хабарлады. Бұдан былай емхана орнында қалады дегенімен мәселенің мән-жайын толық түсіндіріп беретін шенеунік тұтас Шымкентте табылмай тұр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде