jasqazaq.kz

Шымкентте бұзақылар жедел жәрдемге жеті рет шабуыл жасаған

12 қантар 2022, 16:31

Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылар жедел жәрдем көліктеріне тас атып, жолын бегеген.

Қаңтардың 4 және 5 күндері жедел жәрдем қызметіне жүгінгендер көп болған. Дегенмен, шақыртуларға жолға шыққан көліктерге бұзақылар тас атып, жолын бөгеген.

Тіпті ішіндегі фельдшер қызды жұлқылап, күш көрсете бастағанда әріптестері араша түсіп аман алып қалыпты.

«Сол күні шақыртушылар саны көп болды. Сондықтан, диспетчерлерді көбейттік. Мемлекеттік маңызды нысан болғандықтан 103 саll-орталық орналасқан нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз еттік. 4 қаңтар күні екі бригадаға шабуыл жасалды. Ал, 5 қаңтарда 5 шабуыл болды. Жалпы 6 автөкөлігіміздің терезелері сынды. Бір фельдшердің иығына тас тиді», — деді Шымкент қаласы жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова.

Ал, жедел жәрдем қызметінің дәрігері Мақсат Мылтықбаев 5 қаңтар күні кезекшілікке түскен. Жаппай тәртіпсіздік орын алып жатқан аймақтан қашып, адам жоқ жерлермен жүрген. Байланыс болмағандықтан бригадалар рациямен жұмыс істепті.

«Науқастарға жетуде кешігулер болды. Көлік артында отырғанда тас тиіп көлік терезесі қирады. Ал, өзіміз аман қалдық» — дейді ол.

ҚазАқпарат

 

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр