jasqazaq.kz

Шымкентте бірінші сынып оқушысын сабақ үстінде ұрған

14 қазан 2021, 11:36

Шымкентте егде жастағы әйел мектепте бірінші сынып оқушысының бетінен ұрған. Ол енді баланы ұрып-соққаны үшін сотта жауап береді, — деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оқиға биыл тамызда болған, бұл кезде оқушылар дайындық сабақтарын өтіп жатқан. Бірінші сынып оқушылары жанжалдасып қалған, олардың бірі әжесіне шағымданған. Әжесі кабинетке кіріп, балаға айғайлып, кейін бетінен ұрған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мектеп директорының айтуынша, оқушы әжейді тоқтатып үлгермепті.

«Баланың бетінде із қалды. Әйелдің қолында сақинасы болғаннан деп ойлаймын», — дейді «Жас Дарын-2» мектебінің директоры Пернебай Беделов.

Баланың ата-анасы полицияға арыз жазған, ал кейін бала басқа мектепке ауысып кетіпті.

Оқиғадан кейін екі ай уақыт өтіп, әйел әлі күнге жазаланбаған. Полиция департаменті өкілдері екі айлық тергеуден кейін іс сотқа жеткенін хабарлап отыр. Әйелдің ісі «Ұрып-соғу» бабы бойынша тергеліп жатыр. Оған 30 мың теңге шамасында айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

Журналистердің пікірінше, сот жасын ескеріп, зейнеткерге айыппұл салуы мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия