jasqazaq.kz

Шымкентте бір тонна палау пісірілді

28 қазан 2018, 15:20

Шымкентте «Қазақстандық палау» фестивалінде шамамен бір тонна палау дайындалды. Кез-келген тұрғын палаудың дәмін тегін татуға мүмкіндік алды, — деп хабарлайды Otyrar.kz.

Аспазшылар арасында жас мөлшерлемесі болған жоқ. Ең жас аспаз 17-де. Сайысқа жергілікті палау мамандары да, Ташкенттен келген шеберлер де қатысты. Дайындауға үш сағат берілді. Алайда, қатысушылар тағам дайындаудың тазалығы мен өнерін тексеретін қазылар алқасының түрін білмеген. Олар әр түрлі ингредиенттер пайдаланды: кейбіреулері палауға күрке тауық еті мен бөдене қосып дайындаса, басқалары жылқы еті мен анар шырыны бар ерекше палау әзірлеген. «Мен үшін бұл тек палау дайындау ғана емес, бағасы жоқ өнер. Әзірлеген палауымды өзінің дәмі мен иісі мен ғана емес, тамақты қалай бергенімді де есіне сақтап қалса екен деген ойда болдым. Ең бастысы жұрт Шымкентте палау әзірлейтін керемет аспаздар бар екенін білсе болғаны. Біз туралы, біздің қаламыз жайлы барлық әлем білсе екен деп армандаймын», -деді жас аспаз Фарид. Көрермендердің назарын ерекше «Шымкентің палауы» деп аталатын тағам аударды. Әзірлеушінің сөзінше, тағамның басты ингредиенті — жақсы көңіл күй. «Палау дәмді болуы үшін оны ерекше махаббатпен әзірлеу қажет, тек содан кейін оны немен әрлесеңде өзің білесің. Біздің «Шымкенттік» палауымыз күріш және еттен дайындалады. Кейін оған креатив қосып, үстін мейіріммен себеміз. Бәрі дайын болған соң жақсы сөздермен араластырамыз. Шымкенттің палауы ерекше, егер біз тіпті бұл сайыста жеңбесекте, ол бәрібір ең үздігі болып қала береді», — деп өз дайындау әдісімен бөлісті Махмуджан.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді