jasqazaq.kz

Шымкентте бір тәулікте 45 адам коронавирус жұқтырды

30 наурыз 2021, 9:44

Шымкентте бір тәулікте 45 адам коронавирус жұқтырды. 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 20 адам өз үйлерінде бақылауға алынған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, инфекциялық стационарларда барлығы 560 орын бар. Оның үш жүзден астамында науқастар ем қабылдауда. Шаһарда сондай-ақ 305 046 ПТР зертханалық зерттеу жүргізілген. Оның 1963-і бір күнде алынған. «Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 240 нысанға тексеру жүргізіп, 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығын анықтаған. Барлығына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Сондықтан медицина мамандары халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады», — делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия