jasqazaq.kz

Шымкентте бір отбасы астан уланып, екі бүлдіршін көз жұмды

04 қараша 2019, 11:18

Шымкентте бір отбасы астан уланып, анасы мен үш баласы ауруханаға түскен. Алайда дәрігерлер 1 және 4 жасар баланы аман алып қала алмады. 

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 10:30-да жұқпалы аурулар ауруханасына «тағамнан улану» диагнозымен бір отбасыдан шыққан балалар мен анасы түскен. Олар Еңбекші ауданына қарасты Алдияров көшесіндегі көпқабатты үйден жеткізілген. Отағасының айтуынша, алғашқы ауырған сәтте, яғни түнге 04:42-де осы мекенжай бойынша жедел жәрдем шақыртқан. Себебі, тамақтан уланған әйелі мен үш перзенті жаппай құсқан. Ауырсыну белгілері байқалған. Жедел жәреммен келген медицина қызметкерлері ем тағайындап, кетіп қалған. Алайда жанұя мүшелерінің жағдайлары одан сайын нашарлап, таңертең тағы медициналық көмек шақыртқан. Сөйтіп 1987 жылы туған анасы мен 2008, 2015, 2018 жылы туған балалары токсикологиялық бөлімшеге жатқызылған. «Күндізгі сағат 11:00-де жұқпалы аурулар ауруханасында 2015 ж. т. бала қайтыс болды. Артынша сағат 14:00-де 2018 жылы туылған бала көз жұмды. Қазіргі таңда олардың өлімнің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аман қалған екі адамның жағдайлары қанағаттанарлық. ТЖ департаментінің 3 қызметкері оқиға орнына барған. Олар мұқият талдаудан кейін улы газбен улану фактілерін тіркемеді»,- делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде