jasqazaq.kz

Шымкентте білім басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

19 ақпан 2019, 9:47

Шымкентте қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды. Шенеунік қалалық мектепте асхананы жалға беру мерзімін ұзартқаны үшін жеке кәсіпкерден шамамен бір жарым миллион теңге алды деп айыпталып отыр, — деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оған «Пара алу» бабы бойынша айып тағылды. Ақпаратты Шымкент білім басқармасы растады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тұтқынға алу кезінде басшының орынбасары демалыста болған. «Шымкент қалалық білім басқармасының орынбасары демалыс беру және жұмысынан босату туралы өтініш жазды. Қазіргі уақытта ол демалыста. Бізде басқа ақпарат жоқ», — деді білім басқармасындағылар. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. «Бұрынғы шенеунік кепілсіз тергеумен екі айға қамалды. Бүгін күдікті бұлтартпау шарасын кепілге ауыстыру ниетімен апелляциялық шағым берді», — деді судья Сержан Айнабеков.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде