jasqazaq.kz

Шымкентте бес жасар қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамалды

13 сәуiр 2021, 16:07

Шымкентте бес жастағы қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ресми мәлімет таратты, деп хабарлады ҚазАқпарат. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 сәуірде сағат 12:55 шамасында болған. Әлия Молдағұлова көшесінің бойында жүргізуші №147 бағыттағы маркасы «Yotong» қоғамдық автобусымен жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылған. «Жүргізуші 1979 жылғы жергілікті тұрғын. Жол-көлік оқиғасынан алған дене жарақаттары салдарынан жаяу жүргінші жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды», — делінген хабарламада. Айта кетейік, 147 бағыттағы автобус «T-Bus» компаниясына тиесілі. Бұл оқиғаға байланысты жолаушылар тасымалына жауапты басқарма өкілдері автобустың жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспағанын алға тартты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық