jasqazaq.kz

Шымкентте базар өртенді

05 тамыз 2019, 16:36

Шымкентте жұрт «Евразия базары» деп атап кеткен базардан өрт шықты. Тілсіз жау киім-кешек сататын үш бутикті шарпыған.

Қызыл жалын тұтанғанда базардағы бутиктердің иелері мен сатушылары өздері сөндірмекші болған көрінеді. Алайда тілсіз жауды ауыздықтауға шамалары келмей өрт сөндіру қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер басқа бутиктерді де өрт шарпымау үшін барын салған. «5 тамызда сағат 13.35-те «Алтын орда» базарының аумағында бір сауда бутикте өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Базардың аумағында бір сауда бутигі жанып, жалпы өрттің көлемі 72 шаршы метрді құрады. Жанында тұрған екі киім сауда бутигіне залал келтірілді. Өрт сағат 13.55-те оқшауланып, сағат 14.20-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ,» — деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Қазір өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын есептеліп жатыр.

ernur.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда