jasqazaq.kz

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 50-ден асты

31 наурыз 2018, 19:23

Шымкентте балмұздақтан уланып, жағдайы нашарлаған науқастар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Басқарманың мәліметінше, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан төрт науқас қалыпты жағдайға түскен. Бір ересек тұрғын мен жүкті әйел және екі жасөспірім қазір бөлімшелерге ауыстырылған. Сондай-ақ алты науқастың денсаулығы жақсарған соң, ауруханадан шығарылды. ҚазАқпарат хабарлағандай, сала мамандарының сөзінше, кешеден бері ауруханаға балмұздақтан іші ауырып түскен әлі де түсіріп жатқандар бар. Ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 50-ден асқан. Сонымен қатар балмұздақ жеп ауырғандардың бірқатары аудан-ауылдарға тарап кеткен. Олардың да нақты саны мен ауру белгілері қазір анықталу үстінде екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде