jasqazaq.kz

Шымкентте балалар күні аталып өтті

01 маусым 2022, 15:50

Шымкент қаласында «1 Маусым – Халықаралық баларды қорғау күні» аталып өтті. Мереке Әл-Фараби алаңында 500-ге жуық балақайдың асфальтке балғын шақтың әсерлі сәттерін бейнелеуден басталып, оқушылардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесіне ұласты.

Салатанатты жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов бүлдіршіндерді бүгінгі мерекемен құттықтап, балалар жылы аясында бірқатар жаңа нысандар іске қосылатынын жеткізді.

–Балаларымыз – біздің бақытымыз және болашағымыз!
Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауына орай 42,9 млрд. теңге қаржы қарастыра отырып, 84 тармақтан тұратын арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.
Биыл қаламызда 143 балалар ойын алаңшасы, 33 спорт алаңшасы, 16 мектеп, 1 оқушылар сарайы мен №2 балалар саз мектебі іске қосылады. 2021-2022 оқу жылында қаламыздың бес жүзден астам оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарды. Бұл біз үшін мақтаныш. Ең алдымен шымкенттік ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, оқушылардың дамылсыз білім алып, оқып-үйренуге жұмсаған алтын уақытының қайтарымы деп білемін, -деді қала әкімі.

Мемлекет басшысының 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауына орай Шымкент қаласында 42,9 млрд. теңге қаржы қарастыра отырып, 84 тармақтан тұратын арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.

Биылғы жылдан бастап 1-4 сыныпта оқитын барлық оқушыға бір реттік тегін ыстық тамақпен қамту бойынша шешім қабылданды. Одан бөлек, аз қамтылған отбасының 56 мыңнан астам баласына мектепке дайындық құрал-жабдықтар мен мектеп формасына қаржы қарасытырылып отыр.

Бұдан кейін білімімен, дарынымен топ жырып жүрген оқушылар шеруіне жалғасты. Олар – халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары.

Салтанатты кешке жиналғандар ҚР Халық әртісі Майра Мұхамедқызы мен қаламыздың өнерлі бүлдіршіндерінің өнерін тамашалады.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр