
Шымкентте үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы таралып жатыр. Бұл оқиға Шымкентте 1 шілдеде болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІБ өкілдеріне сілтеме жасап.
Видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруе болады. Видеоны ар-ұят құндылықтарына байланысты жарияламайды. Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті ұсталды. Ол — Шымкенттің 1985 жылғы тұрғыны. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. 11 жастағы баланы дәрігерлер қараған. Қазіргі уақытта ол ата-анасымен үйінде. Оқиғаның өзге мән-жайы айтылмайды.