jasqazaq.kz

Шымкентте балабақша тәрбиешісі балаларды ұрған (видео)

02 тамыз 2018, 17:43

Шымкентте «миллионер» бүлдіршіндер баратын элиталы балабақшада шу шықты. Мектепке дейінгі білім орталығында тәрбиешінің жаға ұстарлық әрекетін қызметкерлер видеоға түсіріп, әлеуметік желіге таратып жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода 30 жылдық тәжірбиесі бар тәрбиеші қатар тізілген балалардың бірін жолай ұрып, екіншісін түрткілеп, шапалақтың көмегімен қатаң тәртіп орнатып жүр. Шапалақ тиген бүлдіршіндер еңіреп жылағанына қарамастан, тәрбиеші дөрекілік көрсетуін тоқтатпаған.

Сұмдық жағдай қаладағы «Балаби» балабақшасында орын алған. Балаларға сарбазша қатал тәртіп көрсеткен тәрбиеші Құралай Бапаева екені анықталды. Ал бұл жағдайды видеоға түсіріп тұрған оның көмекшісі Ирода Бекмедова. Екеуі де жұмыстан босатылған.

Білім саласы өкілдерінің айтуынша, қос тәрбиешінің жұмыстан босатылуына бұл айқау шудың қатысы жоқ. Бақшадағы балаларға қол көтерген тәрбиешелір әріптестеріне моральға қайшы қылықтар жасағаны үшін жұмыстан босатылған болып шықты.

«Бұл жағдай 2018 жылдың наурыз айында Шымкентетгі «Балаби» бала-бақшасында болған. Бақшаның құрылтайшысы Қарлығаш Бекбосынова, меңгерушісі Людмила Новикова. Видеода көрсетілгендер «Гномик» тобының тәрбиешісі И. Бекмедова және К. Бапаева. Екі қызметкер жұмыс барысында сайыспаған әрі моральға қайшы қылықтар жасағаны үшін жұмыстан босатылған», — деп мәлімдеді Шымкент қалалық білім басқармасы.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді