jasqazaq.kz

Шымкентте аяусыздықпен адам өлтіргендер видеоға түсіп қалған (Видео)

30 наурыз 2022, 10:30

Желіде Шымкентте аяусыз адам өлтіргендердің видеосы тарады. Арты қайғылы оқиғаға ұласқан жанжал бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған, ал күдікті қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеода екі ер адамның сөйлескені көрінеді. Содан кейін біреуі пышақпен екіншісіне шабуыл жасайды. Жараланған адам қашып кетуге тырысқан, бірақ шабуылдаушы оны ұстап алып, тағы да бірнеше рет пышақ сұғып алған. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Полиция мәліметінше, 27 наурызда Абай аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне Түркістан шоссесінде орналасқан дүкендердің бірінің маңында екі ер адам төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция жасағы, жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар барған. Бүгінде іс бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ер адам тергеу изоляторына қамалды.

«Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркеді. Сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Шымкент ПД баспасөз қызметі өкілі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ауыр қылмыстың себебі қызғаныш болған. Тергеуге байланысты басқа ақпарат жарияланбайтыны айтылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде