
Шымкент қаласында №40 автобус жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол апаты 16 қыркүйек күні таңғы сағат 8 шамасында болды. Бәйтерекова көшесі мен Астана даңғылының қиылысында автобус пен иномарка соғылды.
Оқыс оқиға салдарынан 13 адам зиян шекті. Олардың үшеуі – балалар, тоғызы – үлкендер.
Зиян шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Жол апатынан бір әйел көз жұмды. Ол кондуктор болып жұмыс істеген.
Әзірге қайғылы оқиғаға не себеп болғаны белгісіз.
https://www.facebook.com/DizziTyhon/videos/483365845555031/