jasqazaq.kz

Шымкентте ауған босқындарын қабылдауға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпарат рас па?

17 тамыз 2021, 11:51

Шымкент қаласының әкімдігі Ауғанстаннан босқындар қабылдауға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі Ауғанстаннан келетін босқындарды қабылдауға дайындық туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлайды. Тоғыс елді мекенінің №120 мектебінде жаңа оқу жылына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

16 тамызда жергілікті Vera.kz газеті Шымкент Ауғанстаннан босқындар қабылдауға дайындалып жатқанын жазды. Газет мәліметінше, оларды екі ғимаратқа — бұрынғы студенттік жатақхана мен Тоғыс кентіндегі №120 мектептің ғимаратына орналастыру жоспарланған.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстаннан босқындар келетіні және оларды Шымкент пен Түркістан облысына орналастыру туралы ақпарат жалған екенін хабарлаған болатын.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия