Кеше кешке Шымкентте атыс болып, бір адам көз жұмған болатын. Атыстан тағы төрт адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Видеода атыс болғаннан кейінгі сәт түсірілген.
Оқыс оқиға сағат 17.30 шамасында Арғынбеков көшесінде орналасқан кафеде болған. Куәгерлердің айтуынша, атысты екі адам ашқан. Оқ жаудырған соң ол екі адам қашып, кафеден 300 метр қашықтықта қолдарындағы «Сайга» қаруын бетон блоктар жиналған жерге лақтырып, өздері ізін суытқан. Абай аудандық полиция бөлімі оқиға болған жерді қоршауға алған. Дәмхана маңында Toyota Camry 70 және Lexus RX 350 екі автокөлігі тұрған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сол көліктердің бірінен үлкен сомада ақша тауып алған. Кафеде өзіне оқ жауырғандармен атысқан екі адамның бірі көз жұмды.
Сондай-ақ оқиға болған жерден фото сурет пайда болды. Ол суретте ер адамның қолында автоматқа ұқсас қарудың болғаны көрсетілген.
