jasqazaq.kz

Шымкентте атыс болды

08 қантар 2020, 18:20

Шымкенттегі кафелердің бірінде жанжалдасқан екі топ арасында төбелес шықты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдың 6 қаңтарында сағат 21.00 шамасында қала кафелерінің бірінде екі топ жас жігіттер арасында жанжал шыққан. Оқиға барысында Hyundai Accent маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысына қарай бірнеше рет оқ атылған. Бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. «Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 3-бабы «адам өлтіруге оқталу», «бұзақылық» және «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері барлық жанжал қатысушыларын анықтап, ұстады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия