jasqazaq.kz

Шымкентте «арнольдо киари» синдромына шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасалды

24 мамыр 2022, 13:29

Шымкент қалалық клиникалық балалар аурухасында алғаш рет «Арнольдо Киари» синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды. Мамандар сирек кездесетін мұндай дерт түрінің жалғыз емі –операция екенін алға тартады. Дәрігерлер мұндай күрделі отаны 15 жастағы ұл балаға жасады.

Мамандар науқасқа диагностикалық тексеру жүргізіп, диагнозын дер кезінде нақтылай білген. Жасөспірімінің өмірін аман алып қалу үшін қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі ота жасауға шешім қабылдайды. Жоспарлы операция сегіз сағатқа созылып, хирургтар науқастың миындағы ауытқуды хирургиялық жолмен емдеді. Нәтижесінде науқастың ақыл есінің жұмыс істеу қабілетін жақсартып берді.

Шымкентте мұндай ота түрі алғаш рет жасалып отыр. Бұған дейін науқастар Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу орталығына жіберіле­тін. Енді балалардың мұндай күрделі операциясын қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері жасайды.

–Операция барысында науқастың басының арт жағынан шүйде аймағының шөйде сүйегі дөңгелетіп кесіп алынды. Бірінші мойын омыртқасы алынады. Мидың өзінің қатты қабаты бар. Біздің мақсатымыз мишықты бос жатқызу. Мишықты босату арқылы синдромды емдейміз. Арнольдо Киари синдромның асқынуы науқасты шизофренияға, тіптен мүгедікттікке әкелуі мүмкін. Дерттің жалғыз емі, уақтылы жасалған операция ғана екені бүгінге дейін ғылыми түрде дәлелденген, -дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохирургы Самат Көкшібаев.

Күрделі отадан кейін науқастың жағдайы жақсы. Дәрігерлер бүгін жасөспірімді жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды.

Айта кетсек, қалалық балалар клиникалық ауруханасында жаңғырту жұмыстарынан соң ауыр дертке шалдыққан балалардың өзге қалаға сабылмай осында ем алып, күрделі оталар жасауына мүмкіндік болады. Қазірде балалар ауруханасында нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды, неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайып, жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде