jasqazaq.kz

Шымкентте алғаш рет халықаралық туристік слет өтіп жатыр

10 маусым 2022, 12:36

Бүгін Шымкент қаласында Орталық Азиядағы туристік ақпараттық орталықтың І слеті басталды. Бұл шара Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Оған еліміздің 6 өңірінің визит орталықтарының өкілдері мен Өзбекстан Республикасынан арнайы келген делегация қатысты. Сондай-ақ, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжаннан осы саланың мамандары онлайн режимде қатысып, өз ойларын ортаға салды.

–Шымкент – Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қала. Мұнда жылына 300 күн аспан ашық болып, күн күлімдеп тұрады. Қалаға жақын орналасқан табиғи демалыс аймақтар мен киелі орындары да жеткілікті. Сондықтан оңтүстік өңірдің экологиялық жәнее сакралды туризмі Шымкенттен бастау алады деуге болады. Біз үшін осы әлеуетті тиімді пайдаланып, туризмді қала экономикасының жетекші саласына айналдыру өте маңызды. Міне, осы тұрғыдан алғанда өзге өңірлермен және көршілес елдермен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бүгінгі шараның маңызы зор, – деді слеттің ашылуында сөз сөйлеген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Айта кетейік, екі күн бойы жалғасатын слеттің соңында «Visit Shymkent» орталығы бірнеше туристік ұйымдармен ынтымақтастық жөнінде екіжақты келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласына әлем елдерін туристерін тарту үшін жуырда Катар елінің астанасы Доха қаласында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Шаһардың бұл көрмеге қатысу үшін Дохадағы ҚР Елшілігінен шақыру хат келген болатын. Осы мақсатта, Шымкенттің туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров, туристік бизнес өкілдері қатысып, қаланың мүмкіндіктерін таныстырды.

Жалпы, «Hospitality Qatar – 2022» — қонақ үй бизнесіне арналған Халықаралық ауқымды көрме болып табылады. Аталған көрме туризм мен қонақжайлылық бойынша перспективті жобаларды жүзеге асыруға арналған, келушілер міндетті түрде көруі тиіс іс-шара ретінде өз орнын тапқан. Ал, Шымкент қаласын таныстыру арқылы келуші туристер санын арттыруға және жаңа жобалар жасау үшін инвесторлар тартуда маңызды көрме болып саналады.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде