jasqazaq.kz

Шымкентте әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа ипподром ашылды

20 наурыз 2023, 18:14

Бүгін Шымкент қаласында жаңа ипподром пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылуына арналған салтанатты шарада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен осы нысанды салып, шаһарға тарту еткен BI GROUP компаниясының бас директоры Айдын Рахымбаев құттықтау сөз сөйледі.

–Осыдан бір жарым жыл бұрын Шымкент қаласының халқына жаңа, заманауи, халықаралық стандарттарға сай келетін ипподром салып береміз деп уәде берген болатынбыз. Бүгін сол уәдені орындап отырмыз. Бұл Қазақстандағы ең үлкен атшабар кешені болып отыр, – деді А.Рахымбаев.

Қала әкімі М.Әйтенов осынау үлкен кешенді өз қаржысының есебінен салып, Шымкент қаласына тарту еткені үшін BI GROUP компаниясының басшылығына алғысын айтты.

–Бүгін ұлттық спорттың дамуына әсер ететін үлкен, жаңа, заманауи ипподромның ашылуына куә болып отырмыз. Бұл ипподром тек Шымкент қаласында ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша ұлттық спорт түрлерінің, соның ішінде ат спортының дамуына тың серпін береді. Соның дәлелі ретінде жаңа спорт кешенінде ұлттық спорт түрлерінен халықаралық жарыс өткелі отыр. Оған 1 мыңнан астам спортшы, соның ішінде 126 шетелдік спортшылар келіп қатысуда, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Ипподромның салтанатты ашылуына арналған бағдарламаны еліміздің әр аймағынан келген қонақтар, өңірдің, қаланың дамуына үлес қосқан қадірлі азаматтар, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшылығы, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары тамашалады.

Айта кетейік, жаңа ипподромда еліміздегі ең үлкен бәйге алаңы бар. Ипподром аумағында 1 500 көрерменге арналған трибуна, ат аренасы бар манеждер, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, 300-ден астам көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Трибунаның жоғары қабатында ашық терраса бар. Ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынған. Көкпарға, атпен секіруге арналған алаңдар кварцты құмдармен, табиғи тастармен безендірілген. Әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа иипподром мегаполистегі халықаралық спорт және ойын-сауық жарыстары өтетін орындардың біріне айналып отыр.

Бибайша Нұржанқызы

30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда