
Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт 15 шілдеде 01:14-те көліктерге арналған айыптұрақта болған.
Басында КамАЗ өртеніп, артынша жеңіл көліктерге одан ары қарай екі қабатты ғимаратқа көшкен. Өрт бір сағатта ауыздықталып, 03:05-те толығымен сөндірілді. Өрт аумағы — 294 шаршы метр. «Өрт салдарынан жоюылуы тиіс 35 автокөлік және 10 айыптұрағында тұрған автомобиль түгелдей жанып кетті. Қаза тапқандар жоқ», — деді баспасөз қызметінің өкілдері. Түнгі өртті 76 маман 17 арнайы мамандандырылған техникамен сөндірді.