jasqazaq.kz

Шымкентте адамның ішкі ағзаларын көшеде өртеген (видео)

23 тамыз 2019, 11:02

Адамдарға қауіп төндіруі мүмкін медицина қалдықтарын Шымкент көшелерінде және жекеменшік аумақтарда өртеген, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Эколайф Астана» компаниясының қызметкерлері қалдықтарды жоюда ереже бұзғандығын тіпті жасырмайтын көрінеді – қолданылған шприцтер, ампулалар, тіпті ота кезінде алынып тасталған адамның ішкі ағзалары арнайы пеште емес, жекеменшік аумақтарда өртеліп немесе әдеттегі қоқысқа тасталған екен.

Анықталған деректер бойынша «Эколайф Астана» «Өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған сәйкес 60 АЕК (151 мың 500 теңге) айыппұл салынуы тиіс.

Ұйым бұған дейін де қалдықтарды жою ережесін бұзған болатын. Экологтар кәсіпорын қызметіне тыйым салғызуды көздеп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде