jasqazaq.kz

Шымкентте 7-сынып оқушысы мектепте есін жоғалтып, ауруханада көз жұмды

26 қараша 2021, 12:21

Шымкентте жетінші сынып оқушысы жүрек-өкпе органдары жұмысының жетіспеушілігінен көз жұмды деп жазады Orda.kz. Оның жағдайы мектепте нашарлап, бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

12 жастағы жеткіншек Шымкенттегі дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернатта оқыған. 19 қараша күні ол дене шынықтыру пәнінде өзін нашар сезінген. Мұғалім оны жеке кабинетіне апарып, мектеп дәрігерін шақырған. Екеуі артынша жедел жәрдем шақыртыпты.

Оқушы бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ.

«Біз ауруханаға,баланың анасына хабарласып, оқушымыздың жағдайын сұрап отырдық. 20 қарашада баланың анасы ұлының қайтыс болғанын айтты», — аталған мектептің директоры.

Ал, қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның сөзінше, алғашында балада пневмонияның симптомсыз түрі болған деген болжам айтылған. Алайда, ол диагноз расталмапты.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді