jasqazaq.kz

Шымкентте 67 адам карантинде жатыр

16 наурыз 2020, 18:03

Шымкентте 67 адам карантинге жабылған. Олар коронавирус қауіптілігі жағынан «А» санатына жататын Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия мемлекеттерінен келген.Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаевтың мәліметінше, провизорлық госпитальде коронавирус қауіптілігі жағынан «А» санатына жатқызылған елдерден келген азаматтар бақылауға алынған. Олардан 14 күн бойына түрлі сынамалар алынып, тексеруден өтеді. Карантинге жабылғандардың дені Оңтүстік Кореядан келген орта жастағы ер азаматтар.

Бүгінде госпиталь коронавирус белгілерімен түскен науқастарды қабылдауға толықтай жабдықталған. Сондай-ақ, дәрігерлер мен медбикелер арнайы дәрістерден өтіп, коронавирусқа шалдыққан науқастармен жұмыс жүргізу қағидаларын меңгерген.

«Бізге науқастар әуежайдан жеткізіліп жатыр. Оларды алдымен Шымкент қаласы тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлері тексереді. Сонан соң бізге алып келеді осында. Бүгінгі күнге провизорный госпитальда 67 адам жатыр»,- дейді Амангелді Нұрлыбаев.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық