jasqazaq.kz

Шымкентте 500 орындық оқушылар сарайы бой көтерді

23 қазан 2022, 16:29

Қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар оқу ордаларының құрылыс жұмысын тексерді. Солардың бірі – құрылысы өткен жылы басталған Нұрсәт шағынауданындағы оқушылар сарайы.

Жобаны салудағы мақсат — оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде сабақ өткізуге және педагогтардың, ата-аналар мен балалардың тәрбие саласындағы өзара іс-қимылына жағдай жасау, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту.

7-18 жас аралығындағы 500 оқушыға шақталған нысаның 42%-ы дайын. Ғимарат 3 қабатты, 3 блоктан тұрады. Бұдан бөлек 81 көлікке арналған көлік тұрағы және 35 адамдық асханасы болады.Нысанның құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Шаһар басшысы: Білімді ұрпақ – іргелі елдің кепілі, сондықтан оқушыларымыздың жеке жобаларымен, шығармашылықпен және спортпен айналысатын өз ордасы болуы керек, — дей келе, жауапты мамандарға нысанды жоспарға сай уақытында аяқтауды тапсырды.

Шымкентте оқушыларды қосымша біліммен қамту спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен қамту жобасы арқасында үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өскен.

Бұл көрсеткіш 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды.Шымкент қаласындағы 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студенттерді қамтиды (577 мектепке дейінгі білім беруде 77,7 мың тәрбиеленуші, 223 мектепте 245,3 мың оқушы, 38 колледж бен 9 университетте 107,9 мың студент). Шымкент қаласында әрбір үшінші адамның білім жүйесіне қатысы бар.«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында Қазақстан халқына арнаған Жолдауда көтерген «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету» мәселесі бойынша 2-6 жас аралығында қамту – 89%, 3-6 жас – 100% орындалды.

2025 жылға дейін 105 балабақшаны іске қосу арқылы қажеттілікті түпкілікті шешу жоспарланды.Мектеп оқушыларының саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Соңғы бес жылда 106 мыңнан 245 мың оқушыға немесе 2,3 есеге артты.

Алдағы 5 жылда 315 мыңға жуық оқушы болады деп жоспарланды. Осыған орай, 2021-2025 жыл аралығында 101 мектеп салу жоспарланған. Соңғы екі жылда 58 мектеп пайдалануға берілді.Сонымен қатар, мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 32 мектеп салу жоспарланып отыр.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр