jasqazaq.kz

Шымкентте 5 жастағы қызға жақын туысы азғындық жасап келген (Видео)

12 тамыз 2021, 22:54

Шымкентте 5 жастағы қызға жақын туысы азғындық жасады деген күдік бар. Бұл туралы «Не Молчи» қоғамдық қоры әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қордың мәлімдеуінше, сұмдық жағдайды оларға жәбірленуші отбасының танысы жеткізген. Кішкентай қызына жақын ағайыны сексуалдық сипаттағы әрекет жасап жүргенін қыздың анасы біліп қалған. Бірақ төрт баланың анасы шарасыз. Өйткені туыстарының қысымы басым көрінеді. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

«Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы ҚР ҚК 124-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде», — деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілдері.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккен отбасын анықтағандарын жеткізді. Бұдан өзге ақпарат әзірге құпия деді. Алайда, қоғамдық қор жетекшісі Дина Таңсәрі мұндай сұмдықты жасыруға, жылы жауып қоюға қарсы.

«Заң бойынша жақын туыстары, анасы көпке жарияламауға хақысы бар. Алайда адами тұрғыдан мұндай сұмдықты жасыруға болмайды. Туыстармен өзара ақылдасып, «жабулы қазан күйінде» қалдыра салу дұрыс емес. Оның соңы өте ауыр жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Жалпы, мұндай жағдайда туыс таныс дегеннің кеңесіне құлақ асып уақыт жоғалту да дұрыс емес. Көбіне мұндай азғындықты отбасылық құпия деп өз арасында шешеміз ойлайды. Бірақ бұл — өте ауыр қылмыс», — дейді «Не Молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия