jasqazaq.kz

Шымкентте 5 млн еуро тұратын картина тәркіленген

07 маусым 2019, 18:27

Шымкенттік жемқордан тәркіленген картина құны 5 млн еуро Сотталған шенеуніктерден тәркіленген бағалы картиналар көрмеге жіберіледі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Алик Шпекбаевтың Шымкентке барған жұмыс сапарының барысында белгілі болды. Шымкенттік мұражайда танымал суретшілердің 400-ден аса жұмысы бар. Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлердің үйінде тұрған картиналар олар жемқорлыққа байланысты сотталғаннан кейін мемлекет меншігіне беріліпті. Тәркіленген картиналардың ішінде Айвазовский, Шишкин, Густав Прух, Серов, Хальцман, Герхард Рихтердің жұмыстары бар. Аталған авторлардың картиналарының бәрі бағалы саналады. Қазақстандық шенеуніктерден тәркіленген картиналардың 5 миллион еуроға дейін жетеді. Анықталғандай, отандық жемқорлар өнерді жақсы түсінетін болып шықты. Олар мемлекет бюджетінен ұрланған қаржыға картиналар, мүсіндер, сирек кездесетін кітаптар мен XVIII-XIX ғасырларға тиесілі зергерлік бұйымдар сатып алған, деп жазады stan.kz. Ендігі шымкенттіктер бұл картиналарды мұражайдан көре алады. «Өкінішке орай, біз бұл картиналарды көпшілікке үнемі көрсете алмаймыз. Себебі оларды белгілі бір температура мен ылғалдылықта сақтау керек», — дейді Шымкент қалалық сурет өнері мұражайының директоры Айнабек Оспанов.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде