jasqazaq.kz

Шымкентте 4 жасөспірім қарумен ұсталды

06 қыркүйек 2017, 18:30

Шымкентте полицейлер түнгі уақытта көшеде ата-аналарының қарауынсыз жүрген төрт жасөспірімді тоқтатқан. Тергеу барысында біреуінің сөмкесінен қару-жарақтар табылды.

1999 және 2000 жылы туған жасөспірімдер өздерімен бірге шолақ аңшы мылтығы, екі травматикалық тапанша алып жүргені анықталды. Сөмкеден сондай-ақ бетперде мен пышақтар да табылыпты. Соған қарағанда жасөспірімдер тонауға бара жатуы мүмкін деген жорамал жасалды. Қазіргі кезде полицейлер төрт баланың қаруды қайдан алғанын және қандай да бір қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде