Шымкентте 4 өндірістік аймақ іске қосылады

23 маусым 2022, 16:05

Шымкентте жалпы аумағы 743 га құрайтын 4 индустриялық аймақта 185,3 млрд.теңгеге 130 жоба іске асырылып, 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қала экономикасының қарқынды дамуына және инвесторлар тарапынан сұраныстың артуына байланысты жаңадан 4 өндірістік алаң ашу жұмыстары басталды.

«Жұлдыз» индустриялық аймағы. Аумағы 306 га, қазір инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде. Бұл аймақта 200 млрд. теңгеге 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. 5 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылады. Бүгінгі таңда 17 жобаға жер телімдері беріліп, инвесторлар жұмыстарын бастап кетті.

Аумағы 132 га құрайтын «Бозарық» агро-индустриялық аймағы. Басты бағыты — ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу. Қазір инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар аяқталса мұнда 21 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда 7 млрд. теңгеге 6 жобаны іске асыруға жер телімдері ұсынылып отыр.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын кеңейту. Аймақты кеңейту бойынша қосымша 175 га жер учаскесі анықталды. Бұл аймақта құны 150 млрд. теңгеге 30-дан астам ірі жобаны жүзеге асырып, 3 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

«Стандарт» жекеменшік индустриялық аймағы. Бұл аймақтың ерекшелігі — инвестор өз қаражаты есебінен 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдарын салып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынады. Кәсіпкерлерге қаржы институттары мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда аумақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін кәсіпкерлер мен инвесторларға «бір терезе» қағидатымен «Бизнеске арналған үкімет — Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс жұмыс істейді. Мекеме кеңес беру, мемлекеттік қызметтерді көрсету, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға сүйемелдеу және инвесторларға жолығатын шектеулерді жоюға көмектеседі.

Ал, инвестциялық жобаларға мониторинг жасап, мәселелерін шешу және қаланың жалпы инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі штаб құрылған. Апта сайын өтетін штаб отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестициялық жоба бойынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алған.

Жүйеленген жұмыс нәтижесінде 4 өнекәсіп аймағында 294,5 млрд. теңгеге 191 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуда. Соның ішінде қазір 161,8 млрд.теңгеге 8,1 мыңға жуық жұмыс орнымен 128 жоба іске асырылған.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
Бүгін, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді