jasqazaq.kz

Шымкентте 4 адамды үйдің қабырғасы басып қалды

13 мамыр 2019, 17:46

Шымкентте 4 адамды үйдің қабырғасы басып қалған. Салдарынан екеуі оқиға орнында мерт болды.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға кешкі сағат 18:25- жеке нысанды бұзу кезінде орын алған. Төрт адам туыстарының ескі үйін бұзып жатқан кезде биіктігі үш метрге жуық баспананың қабырғасы құлап кеткен. «Оқиға орнында 46 және 33 жастағы екі адам көз жұмды. Жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы марқұм болғандардың денесін және бір зардап шеккен адамды құлаған қабырға астынан шығарып алған. Бұдан бөлек, тағы екі жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», — делінген хабарламада. Дәрігерлер науқастардың бірі бас ми және сынық жарақатын алғанын айтады. Екіншісінде де бас ми жарақаты мен ми шайқалуы анықталған. Сүйегі бірнеше жерінен сынған. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде