jasqazaq.kz

Шымкентте 300-ге жуық адам қаржы пирамидасына алданды

28 ақпан 2020, 10:44

Шымкент қаласында қаржы пирамидасын құрып, тұрғындардың ақшасын жымқырған ЖШС басшылары ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz порталына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Қала тұрғындарының сеніміне кіріп, 500 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған «Гарант 24 ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Айта кетейік, таяуда салымшыларды алдап, 100 миллион теңгеден астам шығын келтірген «Estate Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталған еді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Шымкент қаласының полиция департаменті аталған ЖШС-лардан зардап шеккендерді жақын жердегі полиция бөлімдеріне хабарласуын немесе «102» нөміріне қоңырау шалуын өтінеді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия