jasqazaq.kz

Шымкентте 3 ірі жолайрық салынады

01 шiлде 2022, 17:08

2025 жылға дейін Шымкентте 3 ірі жолайрық пайдалануға беріледі. Бұл қаладағы көлік қозғалысы мен кептеліс мәселесін шешуге септігін тигізбек. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Бүгінде Шымкентте екі жолайрықтың құрылысы жүріп жатыр. Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы биыл толығымен аяқталып, ел игілігіне берілмек.

— Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысындағы жолайрық құрылысының алғашқы кезеңі басталды. Бұл құрылыс келесі жылға өтпелі. Сондай-ақ, 2025 жылы 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жолдың құрылысын аяқтап, А-2 автожолы қалпына келтіріледі. Нәтижесінде сапалы жолдың еншісі 64,7 пайыздан 79 пайызға жеткізілмек, — деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, Шымкентте әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылған. Биыл 102 көшеге мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде жарықтандыру жұмысы жүргізілмек. Яғни, қаладағы жарықтандырылған көшелердің үлесі 43 пайыздан 57 пайызды құрайтын болады. Бұл көрсеткішті 2025 жылы 75 пайызға жеткізу жоспарланған.

Брифинг барысында республикалық телеарна тілшілері М.Әйтеновке Шымкент қаласының бас жоспарына және ондағы ЛРТ, БРТ құрылысына қатысты сұрақ қойды.

–Шымкенттің алдыңғы бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Ол кезде Шымкент облыс қарамағындағы 500 мыңдай тұрғыны бар қала болатын. Бүгінде Шымкент республикалық маңызға ие, 1 миллионнан астам тұрғыны бар үлкен қала. БРТ мен ЛРТ құрылысын салу – уақыт талабы. Ірі қалаларда атвобустарға аналогты қоғамдық көліктің болуы өте маңызды. Себебі, бұл көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасайды. Ал, оның құрылыс жөнінде тиісті мамандармен кеңесіп, зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді М.Әйтенов.

Шымкентте жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары 352 шақырымды құрайтын 190 нысанда жүріп жатыр. Биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды 5 нысан пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Қонаев даңғылының жалғасын салу, 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 90 пайыз жұмыстар атқарылды. А-2 автомобиль жолының 2 кезеңі, Самал-1,2,3 шағын ауданының магистралды және қалаішілік көшелеріне 12,2 шақырым жол салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Рысқұлов -Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрығын салу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстың 90 пайызы орындалған. Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолаушылар өткелін салу жұмыстары бүгінде 90 пайызға аяқталды.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде