jasqazaq.kz

Шымкентте 25 жастағы әйеліне талақ берген медресе ұстазы туралы белгілі болды

22 қазан 2020, 15:46

Шымкентте 25 жастағы келіншегін қорлап, талақ берген медресе ұстазына қатысты тың ақпарат шықты.

Екі баласы бар Нұргүл Сейтмахамбет есімді келіншек өзінің бұрынғы күйеуі мен қайын атасын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында медресе ұстаздары ретінде таныстырған болатын. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Нұргүл Сейтмахамбетке талақ берген Есей Сәлімбай Амангелдіұлы мен оның әкесі Амангелді Шораұлының ҚМДБ штатында қызмет атқармайтынын мәлімдеді. Мүфтияттың баспасөз қызметі аталған адамдарды медресе ұстаздары деп айтуға негіз жоқ екенін жеткізді.

«Аталған бағдарламада айтылған Шымкент қаласындағы «Қамар» және «Тассай» мекемелері «Алшаң Жібек жолы» қайырымдылық қорлардың ассоциациясына қарасты және оларды медресе ұстаздары деп атау негізсіз. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Сарыағаш» медресе-колледжінде Есей Сәлімбай Амангелдіұлы есімді тұлға қызмет атқармаған. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми оқу орындарына қатысы жоқ мекемелердің қызметкерлерін ҚМДБ медресе ұстаздары деп қабылдамауды сұраймыз», — деп жазады мүфтият.

Дереккөзі: nur.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия