jasqazaq.kz

Шымкентте 230 көше орташа жөндеуден өтті

16 қыркүйек 2022, 15:35

Шымкент қаласында көлік жүктемесі жоғары магистралды және ішкі орам көшелерін орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін жоспарланған 308 көшенің 230-дан астамы орташа жөндеуден өтті. Соның бірі – Ташенов көшесі.

Жол құрылыс жұмыстары Төреқұлов көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінде асфальтбетон жабындысын салу жұмыстары толығымен аяқталып, екі жақтама аяқжол істелді. Жүргізушілердің қауіпсіз қозғалуына ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында көше бойымен жол сызықтары сызылды.

Сонымен қатар, Ғ.Ілияев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жолдың үстінгі қабатын тегістеу, нығыздау,асфальт жабындысы салу жұмыстары атқарылып, жаяу жүргіншілер жолы да салынды. Жалпы, жолдың ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, Ғ.Ілияев көшесіне веложол салынған. Оның ұзындығы — 1990 метр, ал аралығы Д.Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін.

Жол құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, ағымдағы жылы шілде айында қабылданып, пайдалануға берілді. Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Гулистан көшесінің 2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр.

Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Шаһар басшысы жұмыстардың межеленген мерзімде және жоғары сапада орындалуын тапсырды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 77 нысан болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, қалада биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады

Тоқтар Жақаш

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық