jasqazaq.kz

Шымкентте 23 жастағы бойжеткен ковидтің ең жас құрбаны болды

21 мамыр 2021, 11:48

Шымкентте 23 жастағы науқас коронавирустың ең жас құрбаны болды. Артында оның кішкентай баласы қалды.

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бақытжан Позилов мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы «Отырар»-ке сілтеме жасап.

Ведомство басшысының айтуынша, вирус қауіпті бола түсті. Мутация арқылы ол жастарға көбірек әсер етеді.

«Бұл екі айдың қорытындысы, вирус жастарға жұға бастады. Қайтыс болған науқастардың ең кішісі 23 жаста, 41 жастағы науқас та көз жұмды. Толық ақпаратты жария етуге құқығым жоқ, бұл медициналық құпия», — деді Позилов.т

Кейінгі тәулікте Шымкентте 109 адамнан коронавирус табылған, 52 науқас инфекциялық стационарларға жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, аурудан айыққан науқастар қанша болса, орнына вирус жұқтырған сонша адам келіп жатыр.

Шымкентте инфекциялық орындардың жартысы толған. Жансақтау бөлімінде 159 төсек-орын бар, оның 67-сінде аурудың симптомдары қатты білінген науқастар жатыр — жоғары температура, жөтел, ентігу, өкпе зақымдануы. Алтауына оттегі беріліп жатыр.

«167 370 адамға бірінші компонент, 69 905 адамға екінші компонент салынды. Біз вакцинация бойынша Алматыдан кейін екінші орында тұрмыз. Бүгінгі таңда қала тұрғындары QazCovid-In-ді таңдайды, өйткені бұл отандық өндіруші, бұл патриоттық сәттер, оның үстіне QazCovid-In тиімділігін 96 пайызға дәлелдеген», — деді Шымкент бас дәрігері.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия