jasqazaq.kz

Шымкентте 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылды

27 мамыр 2020, 16:27

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Департаменттің басшылық құрамы жол-патрульдік полиция қызметінің жеке құрамымен кездесіп, тәртіп сақшыларының әріптестеріне қатысты айыптау үкімдерімен таныстырды.

Департамент басшысының орынбасары Бауыржан Ұзынжастың айтуынша, қазіргі таңға дейін Полиция департаментіне қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 19 ұсыныс жолданған. Ал, 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылып, оның ішінде үшеуі «қатаң ескерту» алған. 8 қызметкер атқарып отырған лауазымынан, 2 қызметкер жұмыстан шығарылған. Жиын барысында мамандар төтенше жағдай режимінде әрбір полиция қызметкерінің жеке жауапкершілігі туралы ескертіліп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге және адалдық пен парасаттылық құндылықтарын берік ұстануға шақырды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия