jasqazaq.kz

Шымкентте 1776 бала суда жүзу курсы бойынша тегін сабақ алды

26 шiлде 2022, 22:17

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Н.Қаракөзев шомылу маусымында жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары бойынша баспасөз брифингін берді.

Спикердің сөзінше, Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз демалуына ерекше көңіл бөліп, су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп суда төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендету бойынша іс-шаралар кешенін жүргізген. Нәтиежесінде, қалада су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 орын, шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталған.

«Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2022 жылға балаларды, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін оқыту, шомылу орындарында жүзу бойынша бассейн иелерімен 10 меморандум бекітілді. Қазіргі уақытта Меморандумға сәйкес 1776 бала үйретілді.
Күн сайын қоғамдық орындарда болу, су пайдалану және судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер мен патрульдеу жүргізіледі»,-деді спикер.

Шомылу маусымында Департаменттің жедел-құтқару жасағының 55 құтқарушысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, қала аумағында 40-қа жуық жеке құтқарушы 18 объектіде (аквапарктарда, бассейндерде) суда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Оларға жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары үйрету сабақтарын өткізген.

Сондай-ақ, қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқу орындарында 24 интерактивті сабақ, 40-қа жуық жиын өткізілді, 30 билборд орнатылды, 22564 үгіт өнімдері (парақшалар, жадынамалар, брошюралар) таратылды, су айдындарында 55 тыйым салу белгілері орнатылды. Жергілікті телеарналарда және ЛЭД экрандар арқылы бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып, жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік қағидаларын жеткізу мақсатында тақ күндері 22 республикалық, 4 жергілікті телеарналар мен 3 радиоарнаны (11 рет) ұстап алу жолымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр