jasqazaq.kz

Шымкентте 11 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

25 мамыр 2022, 13:03

Бүгін Шымкент қаласындағы 203 мектепте «Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты соңғы қоңырау шарасы өтті. Осы білім ұйымдарындағы 242 525 оқушы оқу жылын аяқтаса, оның ішінде 11 189 бала оқуды бітіріп отыр.

Мектеп бітірушілер мен ұстаздарды құттықтау үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназияның соңғы қоңырау шарасына қатысты.

Қала басшысы барша мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тілеп, өмір жолында табысты болуды айтты.

«Мемлекетімізде оқимын, білемін, танимын деген оқушылар үшін жағдай жасалған. Әсіресе, шәкірттеріне білім, тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.Тек білім ғана адамға өмір жолын дұрыс таңдауда еркіндік пен өз-өзіне деген сенімділік, табысқа жетуге және өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қаламыздың барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, ұл-қыздарымыз болашақтың биік баспалдағына қадам басқалы тұр. Өмірде жолдарыңыз ашық болсын!»,-деді М.Әйтенов.

Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, соның ішінде 453 оқушы Алтын белгіге үміткер. Ал, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде осы оқу жылында 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды.

Биыл қалада 11-сыныпты бітіруші оқушылар саны 11 189 болса, оның ішінде 453 түлек «Алтын белгіге» үміткер. Ал, 20 оқушы шетелдік жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты ҰБТ тапсырудан бас тартқан. Мектепте 9 (10) сыныптардың қорытынды бітіру емтихандары 28 мамыр – 6 маусым аралығында төрт пән бойынша емтихан тапсырады. 11 сыныптың түлектері емтиханды 27 мамыр мен 10 маусым аралығында бес пәннен тапсырады. «Қазақстан тарихы» пәнін қорытынды аттестаттау осы жылдан бастап ауызша (билеттер бойынша), қалған пәндер жазбаша өтеді.

Бүгін «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты тақырыпта барлық білім ұйымдарында соңғы қоңырау соғылды. Мерекелік іс-шара өткізу барысында бітіруші түлектерге аниматорлар мен мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға, мектеп бітіру кешін сән-салтанатты өткізуге, салтанатты дастархан ұйымдастыруға, прокатқа машина алу арқылы қала ішінде экскурсия өткізуге шектеулер қойылған.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді