jasqazaq.kz

Шымкентте 10 жасар қыз машина қағып, қаза болды

02 қыркүйек 2017, 18:22

Шымкентте 10 жасар қыз машина қағып, қаза болды

 

«Ваз-21102» маркалы автокөлігінің мас жүргізушісі қағып кетті, деп хабарлайды patrul.kz.

Қайғылы оқиға 30 тамыздың кешкі мезгілінде Шымкент қаласының Еңбекшіқазақ ауданы көшелерінің бірінде орын алды. Жол-көлік оқиғасында алған ауыр дене жарақаты салдарынан жасөспірім облыстық ауруханада қаза болады.

Оқиға орнына барған полицейлер анықтағандай, 1966 ж.т. «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «орта дәрежедегі алкогольді мас халде» болған.

«Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345/3- бабымен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық іс қозғалды», — деп баяндады ОҚО ІІД.

Күдікті УҰИ қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ОҚО полицейлері жүргізушілерге ескертеді: жол жүру ережесін сақтап, оның ішінде мас халде көлік рөліне отырмауды сұрайды. Мас халде көлік басқарудың өзі қылмыс болып табылатыны сөзсіз. Мас халде көлік тізгініне отырған жүргізуші барлық жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндіреді.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде