jasqazaq.kz

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды деп қауесет таратқандар іздестіріліп жатыр

01 қараша 2017, 17:29

Әлеуметтік желіде және кейбір сайттарда жарияланған Шымкент қаласына жаңа басшы тағайындалды деген мәлімет шындыққа жанаспайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желіде және кейбір сайттарда жарияланған Шымкент қаласына жаңа басшы тағайындалды деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Мұндай хабарландыруды, яғни Шымкент қаласының әкімі тағайындалғанын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі ресми түрде жариялайтын болады», — делінген хабарламада. Ведомстводағылар қазіргі уақытта шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратқандар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікке тартатын болады. Осыған дейін БАҚ беттерінде Шымкент қаласының әкімі болып Алматы қаласының шенеунігі тағайындалғаны хабарланған еді. Еске салайық, Ғабидулла Әбдірахімов «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды. «Нұр Отан» партиясының төрағасы, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен партия төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Орталық аппарат ұжымына жаңа хатшы Габидулла Әбдірахимовты таныстырды. Сонымен қатар, Шымкен қаласының экс-әкімі Ғабидулла Әбдірахымов өзінің бұрынғы шымкенттік әріптестерінен кешірім сұрады. Әкімді шығарып салуға депутаттар мен қала активі жиналды. Ол әріптестерін адал және бірін-бірі сыйлауға шақырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде