jasqazaq.kz

Шымкент-Жібек жолы трассасы қараша айынан бастап ақылы болады

10 қыркүйек 2020, 17:34

Шымкент-Жібек жолы трассасы 2020 жылдың қараша айынан бастап ақылы болады. Бұл туралы «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалы мәлімдеді.

Әзірге 300 шақырымдық учаске бойынша жол жүру үшін тек жүк көлігінің жүргізушілері ғана төлейтін болады. Жаңа жылдан бастап төлем барлығына бірдей болады.

«Қазавтожол» мамандарының мәліметінше, терминалдармен орнатылған үш арка алғаш рет тестілік режимде жұмыс істейтін болады.

Жеңіл автокөлік иелеріне Шымкент — Жібек жолы трассасы бойынша жол жүру ақысы 2021 жылдың басында іске қосылады. Болжамды құн километр үшін бір теңге деңгейінде қаралады.

Жүк көліктерінен қандай ақы алынатыны туралы әлі нақты шешілген жоқ. Оны орнату кезінде көлік құралының салмағы, сондай-ақ санаты ескеріледі.

«Қазір ақылы жолға он бақылау аркасынан үшеуі орнатылды. Және үш клиенттермен жұмыс орталығы салынды. Ағымдағы жылы Шымкент — Ташкент — Шымкент тас жолының учаскесін тестілік режимге беру жоспарланған», — дейді «Қазавтожол» РМК Түркістан облыстық филиалы басшысының орынбасары Ерлан Кенжеханов.

Жаңа жабдықты тестілеу аяқталғаннан кейін, 2021 жылдың қысында Қазақстан Республикасы автожолдар комитетінде Шымкент — Жамбыл және Шымкент — Түркістан бағытындағы автожолдар бойынша жүріп өту үшін ақы алу мәселесін қарау жоспарлануда.

«Қазавтожол» өңірлік филиалында сондай-ақ, автокөлігі бар жергілікті тұрғындар үшін ақылы автожолдармен жүруге жылдық абонементтерді енгізу нұсқасы пысықталуда. Жол жүру бағасы қарашаға қарай жарияланады.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия