jasqazaq.kz

Шымкент тұрғыны жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сотталды

19 тамыз 2020, 10:39

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысу және жалған алкоголь өнімін сату дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шыққанын хабарлайды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған алкоголь өнімін жасау бойынша жасырын цех қызметін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі. Цехті тексеру барысында 3000 литр спирт, 7800 литр құрамында спирт бар сұйықтық, 19 050 шөлмек алкоголь өнімі, 295 561 дана есептік-бақылау маркалары, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуда пайдаланылатын түрлі ыдыстар және алкоголь өнімін құятын құрылғы анықталды. Еңбекші ауданы сотының үкімімен Шымкент қаласының тұрғыны ҚР ҚК 214-бабы 1-б. (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) және 233-бабының 2-б. (акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) сәйкес кінәлі деп танылып, алынған заттарды тәркілеумен айыппұл салынды.

Көрсетілген айғақтық заттар мемлекет кірісіне айналдырылды.

24.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі