jasqazaq.kz

Шымкент тұрғыны үйленгенін 16 жылдан кейін бір-ақ білді

08 қыркүйек 2021, 13:49

Шымкент тұрғыны 16 жылдан бері өзінің некеде тұрғанын білмеген. Ол заңды некедегі әйелімен үйленбек түгілі, таныс емес екенін айтады. Бұл туралы азамат Egov қосымшасынан кездейсоқ көріп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время газетіне сілтеме жасап.

Смартфонына электрондық үкімет бағдарламасын орнатқан ер адам 2005 жылы Татьяна Васильевнамен некеге тұрғанын, тіпті әйел оның фамилиясын да алғанын білді. Бірақ Алексей Николаевич өзінің заңды жарымен таныс емес екенін және оған ешқашан үйленбегенін мәлімдеп отыр. Енді бұл мәселемен Шымкент полицейлері айналысатын болады.

Адвокат Евгений Яворскийдің айтуынша, бұндай жағдай электрондық үкімет базасында бірінші рет болмаған.

“Жақында бізге еGov-та өз деректерін тексерген адам келді. Ол байқаусызда қайтыс болғаннан кейін донор ретінде ішкі ағзаларды беруге келісім бергенін көріп қалады. Бірақ ер адам ешқандай құжаттарға қол қоймағанын айтады. Алайда сайтта донор болуға келіскені туралы белгі пайда болған. Осы жағдаймен айналыса бастағаннан кейін үлкен шу пайда болды. Көптеген қазақстандықтар ерікті донорлыққа жазылмағанын білу үшін электрондық үкімет сайтына мақсатты түрде барғанын білемін”, – дейді адвокат.

Тиісінше, өзінің үйленгенін білгеннен кейін Алексей Белашов адвокатқа жүгінген.

“Бұндай іс бұрын-соңды болмаған. Бір жағынан күрделі болып тұр. Мені өзімсіз үйлендірді деп тұр. Бұл кез-келген тізімге белгі қою емес. Алексей Николаевич үйленбегенін, Татьяна Васильевна оның әйелі емес екенін айтып сендіріп отыр. Біздің бұл деректерді қайта тексеруге өкілеттілігіміз жоқ. Сондықтан полицияға арыздануға шешім қабылдадық”, – дейді адвокат Евгений Яровский.

Өтініште Белашов өз қолымен ешқашан некеде тұрмағанын және Татьяна Белашовамен таныс емес екенін айтты. Сонымен қатар, әйелді достарының ешқайсысы танымайтыны көрсетілген. Осыған байланысты Шымкент қаласының полиция департаментінен өзінің заңсыз жұбайын «алаяқтық» және «жалған құжаттар жасау» баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды.

Алайда, бұл қылмыстық іс бастамастан жатып тоқтап қалатын секілді Адвокаттардың анықтауы бойынша, бұрын РЕЦ фамилиясын алған 51 жастағы Татьяна Васильевна қазіргі уақытта шетелде екен. Белгілі бір елге бару үшін әйелге некеге тұрғаны жөніндегі құжат керек болған болуы мүмкін.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді