jasqazaq.kz

Шымкент тұрғыны танымайтын адамға 17 млн теңгесін аударып жіберген

04 шiлде 2022, 11:26

Шымкентте алаяқтықтың жаңа түрі анықталды. Қала тұрғыны Facebook әлеуметтік желісіндегі танымайтын адамға 17 миллион теңгесін аударып жіберген, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші халықаралық компанияның атынан жіберілген сілтемеге кіріп, қомақты қаржысынан айрылғанын көрсеткен.

«Биржа нарығында ақшаңды көбейтіп беремін» деп айтқан белгісіз адамның сөзіне сеніп, 17 миллион теңгеден астам ақшасын «Meta Trader 4» бағдарламасы арқылы салып жіберген. «Аталған жайт ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Өз кезегінде полиция қызметкерлері алаяқтың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамға сенбеуді, оның арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Сондай-ақ, өзге адамдарға ақша аудармауға және жеке мәліметтерді бермеуге кеңес береді», — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктілерді іздестіріп жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық