jasqazaq.kz

Шымкент тұрғыны өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

14 қазан 2017, 23:49

Себебі мемлекеттік деректер қорында ол «16 жасында көз жұмған» деп тіркелген.

Шымкент қаласының тұрғыны Бағдат Жұмаділов өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр. Себебі мемлекеттік деректер қорында ол «16 жасында көз жұмған» деп тіркелген, деп хабарлайды Today.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай олқылықтың орын алғанына тоғыз жыл болған. Алайда осынша жылдан бері өзінің «өлілер қатарына» тұрғанынан бейхабар жігіт диплом алып, отбасын құрған. Бағдат Жұмаділов Халыққа қызмет көрсету орталығының табалдырығын тоздырғанына бір айдан асты. Өзінің тірі екендігін дәлелдей алмай әлек. 25 жастағы жігіт мемлекеттік деректер қорында «қайтыс болған» деген статуспен тіркелген. Сол себепті ол енді ешқандай құжат рәсімдей алмайды. Жуырда Бағдаттың ұлы дүниеге келді. Алайда нәрестенің құжат бойынша әкесі жоқ. Анасы амалсыздан Туу туралы куәлікті өз атына алыпты.

«Бүкіл мемлекеттік деректер қорында бұл баланың статусы «қайтыс болған» деп берілген. Қазір бұл азамат бізге арызын жазды. Біз бұл арызды алып, жоғарғы құзырлы органдар арқылы мәселесін шешуге көмектесеміз», — деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі АХАТ секторының өкілі Клара Тілеуова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде