jasqazaq.kz

Шымкент тұрғыны қызғалдақ жұлғаны үшін 3 жылға сотталуы мүмкін

22 сәуiр 2021, 11:34

Түркістан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады. Тәртіп бұзушыға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Полиция мәліметі бойынша, қызғалдақтарды жұлған ер адамды тәртіп сақшылары Ақбастау ауылы маңында байқап қалған. Тәртіп бұзушы бөлімшеге жеткізілді, ал ол жұлып алған гүлдер сараптамаға берілген.

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи саябағы өкілдері қорытындысына сәйкес, жұлынған гүлдер – Қазақстанның Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдақтары», – деді ведомство өкілдері.

Айыпталушыға қатысты ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Полицейлер Қазақстанның Қызыл кітабына енген гүлдерді жұлғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

«Мысалы, бап санкциялары 3000 АЕК (8 миллион 751 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны көздейді. Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ мүлкті тәркілеп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін», – деді полиция қызметкерлері.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия