jasqazaq.kz

Шымкент тұрғыны 8 адамның атына онлайн несие рәсімдеген

11 ақпан 2022, 15:29

Шымкенттік әйел 8 тұрғынның атынан несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекті шығарып беремін деп сендірген.

Алайда бейтаныс әйел оның сеніміне кіріп, жеке мәліметтерін пайдаланып, шағын несие беру ұйымынан онлайн несие рәсімдеген. Бұл жайтты арызданушы телефонына несие алғандығы туралы хабарлама келгенде білген.

Келтірілген шығын көлемі 326 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Әл-Фараби АПБ-ның тәжірбиелі сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап, заңсыз онлайн несие рәсімдеген азаматшаны қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған күдікті иемденген қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жұмсап жіберген. Шымкенттік полицейлер тексеру барысында ұсталған тұрғынның бұдан өзге жеті адамның атынан шағын несие ұйымынан онлайн несие рәсімдегенін анықтады.

Келтірілген шығын көлемі бір млн теңгені құраған. Яғни, оларға да мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек шығарып беремін деп сендірген.

Өз кезегінде арызданушылар күдіктіге жеке дербес мәліметтерін жолдаған. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық