jasqazaq.kz

Шымкент тұрғындары «Адал көмек» жобасынан кеңес алды

17 қазан 2022, 14:45

Шымкент қаласының №3 емханасында «Абал көмек» жобасы жүзеге асырылды. Іс-шара аясында медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қалалық департаментінің, еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қалалық департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері азаматтарды жеке қабылдап, кеңес берді.

Арнайы қабылдау барысында халықтың ең көп сұрақтары тегін дәрі-дәрмектер алу, инватакси қызметтерін көрсету, санаторий-курорттық демалыс жолдамасын берумен қатар, дәрігерлік әдепті сақтауға қатысты қойылды.

Осындай проблемалық мәселелердің бірі мүмкіндігі шектеулі адамдарға өтеусіз негізде берілетін инватакси қызметтеріне шағымдар қаралды.
Инватакси қызметтерін көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленген мерзімге берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып саналады. Қызметті алу үшін «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығына құжаттарды жолдау қажет. Атап айтар болсақ, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі) ұсынуы қажет.

Қызметке тапсырыс беру үшін бір күн алдын 8 (707) 405 15 65, 8 (707) 984 04 42, 8 (7252) 57-10-51 телефон нөмірлеріне хабарласып тапсырыс беруге болады. Егерде аталған нөмірлер бойынша хабарласу мүмкін болмаған жағдайда Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының 8 (778) 669 9341 нөміріне хабарласа аласыздар.

Инватакси қызметтерін көрсету тапсырысты қабылдауды, адамдарды қарсы алуды, отырғызу/түсіруді (қажет болған жағдайда), оны және еріп жүретін адамды (бар болса) өтінімде көрсетілген межелі орынға дейін тасымалдауды қамтиды. Қызмет түрі бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес көрсетіледі.

Айта кетейік, «Адал көмек» жобасының мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ, өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр